«Сыра королі» Тоқтар Төлешевтің сот жыры әлі де жалғасуда. Келесі сот процесі тағы да кейінге қалдырылды. Оның басты себебі қорғаушылардың бірінің кенеттен дүние салуы. Бұл туралы сот процесіне қатысатын адвокаттардың бірі Timeskz басылымына айтып берді.

Салдарынан Төлешов ісі бойынша болып жатқан сот процесі кейінге шегерілді.
Қайтыс болған адвокаттың орнынан жаңасы келді.
Енді жаңа адвокатқа іспен танысып алуға уақыт беріліп, сот процесі 4 қыркүйек күні болмақ.