Путин мұсылмандарды қорғаған Рамзан Қадыровқа жауап берді

0
486

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Мьянмадағы қырғынға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды baq.kz.

Путиннің айтуынша, әрбір азамат, оның ішінде өңір басшыларының жеке пікірі болуы мүмкін. Бұған дейін бірқатар БАҚ «Қадыров мәлімдемесі арқылы Мәскеудің ұстанымына қарсы шықты» деп жазған болатын.

«Ресейдің сыртқы саясатына қатысты азаматтардың пікіріне қатысты айтсақ, әр адам өз пікірін білдіруге құқылы. Бұл оның лауазымына байланысты нәрсе емес. Өңір басшыларының да жеке көзқарасы болады. Шешенстан басшылығы тарапынан ешқандай бас араздығы жоқ, бәрі жақсы, алаң болмаңыздар», – деді Путин баспасөз конференциясында.

Бұдан бұрын Шешенстан басшысы Мьянмадағы қанды қырғын кезінде үнсіз қалған ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарын айыптап, «егер Ресей қылмыс жасап жатқан сол шайтандардың жағына шықса, мен ел билігінің ұстанымын қолдамаймын» деген болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз