Айнұр Тұрсынбаева: (Рэкетир) Саянмен Қытайда 10 күн бірге жүрдік

0
476

Айнұр Тұрсынбаеваның жеке өмірі де соңғы кездері ел аузында. Халық сүйікті ақындарының тойын көргісі келеді. Сондықтан оны атышулы рэкетирдегі Саянның рөлін сомдаған Саят Есенбаевқа қосып жатыр.

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.

“Бұл қазақ кімді кіммен қоспады?! Ол жағынан таңқалудың ешқандай керегі жоқ шығар деп ойлаймын. Біз өзі ауызбен жүретін халықпыз көбінесе. Есенбаев Саятпен 10 күн бірге жүрдік Қытайда. Сол кезде ғана таныстым. Оған дейін қатты араласпағанбыз. Тек кино жұлдызы ретінде білетінбіз. Оның қарапайымдылығына, таланттылығына, әзілқойлығына, жақсы тәрбие көргеніне сүйсіндім. Сол үшін әлеуметтік желіде жарнамаладым”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Рэкетир мен айтыскердің арасында сол жарнамаға дейін еш сезім болмаған. Алдағы уақытта тағдырдың оны қай арнаға апарарын ешкім білмейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз