Зарина Омарова шоу-бизнестегі тоқалдар туралы шындықты жайып салды

0
162

Елімізге танымал сазгер Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова сегіз жыл үзілістен кейін сахнаға қайта оралды. Бір кездері «Жан гүлім» әнімен халықтың жадында жатталып қалған әнші бірнеше жылдар ішінде қазақ сахнасында орын алған өзгерістер мен көпшілікті таңғалдырған диетасының құпиясын NUR.KZ порталына берген сұхбатында айтты.

— Сахнаға қайта оралғаныма бір жылдай уақыт болды. Шынын айтсам қазір көп нәрседен қорқамын. Себебі жан-жақта миға сыймайтын нәрселер болып жатыр. Өз басым толық емес отбасында өстім, сол себепті мен өзімнің отбасым болсын, өзгенің отбасы болсынғ бұзылуына қарсымын. Қазіргі бойдақ жігіттер мүлдем басқаша болып кетті, сол себепті қыздар не істерлерін білмейді. Мүмкін жас, сұлу қыздар тұлға ретінде қалыптасқан ер адамдарға қарайтын болар. Дегенмен, бүгін сен үшін отбасын тастаған ер адам ертең сені тастап кетпейтініне кім кепіл?! Сол үшін болашақты ойлаған дұрыс сияқты, – деді әнші сұхбатында.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз