Жеті жылға сотталған Жаманқұловтың тойда билеп жүрген видеосы тарады

0
532

Сәкен Майғазиевпен бірге дуэт айтып, клип түсірген жас әнші Әсет Есжан отау құрды. Күні кеше Алматыда Әсет пен Әзизаның үйлену тойы дүркіретіп тойланды. Өнердегі інісін құттықтап келген Сәкен Майғазиев “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” әнін орындап, той қонақтарына вальс билеу мүмкіндігін сыйлады, деп жазады Stan.kz.

жаманкулов той

Майғазиев жариялаған видеодан тойдан Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен белгілі тележүргізуші Рахман Омарды байқап қалдық. Өз кезегінде жұрт шартты түрде сотталған Жаманқұловты көріп, қуанып қалғандарын жарыса жазып жатыр.

Айта кетейік, 2017 жылдың маусым айында Халық әртісі бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленді және талан таражға салды деген айыппен 7 жылға шартты түрде сотталған болатын. Рақымшылық туралы заңға байланысты, Жаманқұловтың жаза мерзімі екі есе – 3,5 жылға дейін қысқартылды. Жаза шартты деп танылғандықтан, актер сот залынан босатылған еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз