Ағылшынша санап отырып, 91-дің әнін айтып кеткен Тұрсынбектің қызы желіні “жарды” (видео)

0
407

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ағылшынша санап отырып, “91” санына келгенде атышулы Ninety one тобының әнін орындап, желідегілерді күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.

Қызының қылықты видеосын желіге Тұрсынбектің жары Мөлдір Мұқанова жүктеді. Парақшасына салғаны сол еді, әріптестері видеоны репост жасады. Солардың бірі Мәдина Сәдуақасова бүлдіршіннің әкесіне ұқсап әзілқой болатынын атап өтті.

“Ұқсамасаң тумағыр, құрдасымның қызы “өлтірді” мені”, – деп пікір білдірген Мәдина желідегілерден бүлдіршіннің кімнің қызы екенін сұрады. Қызығы сол, оқырмандар жеткіншекті бірден таныды. Көпшілік оның әкесі Тұрсынбек Қабатовтан айнымай қалғанын жазуда.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз