Ресей әскері «Ислам мемлекетіндегі» қазақ командирінің көзін жойды

0
301

Ресей авиациясы соңғы екі күнде Сириядағы «Ислам мемлекетінің» (Қазақстанда бұл ұйымның жұмысына тыйым салынған) 7 жорықшы командирін өлтірді. Олардың арасында Қазақстанның тумасы да бар деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Евфрат алқабында шабуылды жасақтаумен айналысқан коминдирдің есімі – Әбу Ислам әл-Қазақи. Қазақстан тумасын «Ислам мемлекетінің» өзге де алты командирімен бірге Сириядағы Ресей әскері өлтірді.

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашкенов хабарлады.

Бүгінге дейін содырлар сапынан 304 адам жан тапсырып, 170-тен аса адам жарақаттанған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз