Атамбаев қазаққа неге қарсы?

11
197

Қазақ қоғамын дүрліктірген жайлардың бірі – Қырғыз Республикасының қазіргі Президенті Атамбаевтың сайлау алдында әр жерде сөйлеген сөздері. БАҚ пен әлеуметтік желілерде жан-жақты талқыланып жатқандықтан, оның айтқан сөздерін қайталап жатудың қажеті бола қоймас. Көптің көкейіне келіп тірелген сұрақтардың бірі – көрші ел Президентінің біздің жаққа қарап неге соншалықты шүйліге қалғандығы? Қарап отырсаң, сондай шүйлігудің тарихи-саяси негізі де болуы керек  емес пе?

Осыдан бір ай шамасы бұрын Қырғызстанда электр тогын тарататын ГЭС пе, ГРЭС пе, сондай тағы бір қуат көзі ашылыпты. Сол ашылуда сөйлеген сөзінде ол «Енді біздің өз қуат көзіміз бар. Керек  болса, көрші елдерді электр қуатынан тарықтыруға да шамамыз жетеді» деген сыңайда пікір білдірді. Соны естігеннен кейін, «Неге тарықтыруға? Керісінше, көрші мемлекеттерге де көмек бере аламыз?» деп неге айтпайды деген сұрақ туындаған болатын. Мемлекет белгілі бір жетістікке жеткенде міндетті түрде басқа біреуге қысым жасау үшін, көршіге қыр көрсету үшін жете ме?

Енді соңғы айтқан пікірлеріне қазақ жұртының едәуір бөлігі наразылық танытуда. Ол заңды да. Өйткені Атамбаевтың ауыздан шыққан лебізінен қазақ халқына деген бір жеккөрініштілік сезілді. Сайлау алдында болсын, басқа кез келген жағдайда болсын, ел басшысына ұстамдылық, байсалдылық керек емес пе. Қазақтардың ашуын туғызған тағы бір сөзі «Бізге келгендер басын қалдырып кетеді» деп,  Кенесарының тағдырын нұсқай айтуы. Екі халықтың арасына от жағып, ұлт араздығын қоздыру үшін осының өзі жетіп жатыр емес пе?

Қазақстан көмек қолын ұсынса, «Бізге көмек керек емес» деп тағы бас тартады. Ең құрығанда мыңдаған қырғыздардың қазақ жерінде өз нанын тауып жеп жүргенін ескеру керек қой.

Сөздің қысқасы, Атамбаевтың неге қазаққа қарсы бола қалғанын түсіне алмай далмыз. Шүкіршілік ететініміз – Қырғызстанның жаңа Президенті мұндай жаңсақ қадамға бармас деген үміт.

Нұрдәулет Ақыш, М.О.Әуезов атындағы

Әдебиет және өнер институының бас ғылыми

қызметкері, жазушы

Abai.kz

11 ПІКІРЛЕР

  1. Атамбаевтың сөзіне біраз наразылық туғаны рас. Бірақ, бір сөзге бола достығымыз ажырай қоймас.

  2. Фу как противно на этой фотке так улыбается в лицо Назарбаеву и сейчас такое делает

  3. Атамбаев қатты ашулы, бірақ ашумен ешқандай шешімге қол жеткізе алмайсың. Керісінше, өзінің авторитетін түсіріп алды

  4. Саясаткер, бір елдің басшысына лайық мінез көрсете алмады. Әлі біздің елге, президентімізге талай ісі түсер

  5. Екі елдің арасына іріткі салып кетті. Ала алмай жүрген өші не екен?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз