Гүлзира Айдарбекованың биі ғаламторды жарды (ВИДЕО)

0
312

Ұлы дала баласының дүркіреп өткен тойына шақырылған кей қонақтар келмей қалды. Мейрамбек Бесбаев, Ұлықпан Жолдасов, Қайрат Нұртас, тіпті, Төреғалидің 5 күндік концерті мен тойын ұйымдастырып берген продюсер Жан Мұқанов тойда төбе көрсетпеді. Әріптесінің қуанышына Қайрат келмегенімен, оның ата-анасы Төрешті қуанышымен құттықтап келді, деп жазады Stan.kz.

Әсіресе Гүлзира Айдарбекова тойда құрдастарымен билеп, мейлінше көңілді жүруге тырысты. Ол желідегі парақшасына әріптесі, продюсер Ерғали Әбдірайымовпен бірге би билеген сәтін жүктеп, жұртты қызықтырып қойды.

Көпшілік Айдарбекованың жылдан жылға жасарып бара жатқанын атап өткен. Желідегілер жасыл түсті барқыт көйлектің де продюсерге жараса кеткенін атап өтті.

“Әдемісіз”, “Гүлзира әпке, сондай тәттісіз ғой, қылықтарыңыз бәрі өзіңізге жарасады”, “Көйлегіңіз өте әдемі жарасып тұр, бақытты болыңыз”, “Мәссаған көйлек иесін тапқан екен, құйып қойғандай”, “Көйлегіңіз, қимылыңыз бәрі жарасып тұр”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз