Атамбаевтың жаңа мәлімдемесі тағы да елді шулатты

2
151

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елшілердің сенім грамоталарын тапсыру салтанатында патриоттық сезімі жоқ адамдарды басқа елге кетуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram желісіндегі Kygyznews бағдарламасында белгілі болды.

Қырғыз басшысының айтуынша, соңғы кездері орын алған жағдайлар өз Отанын ақшаға және гранттарға бола сатуға дайын адамдар бар екенін көрсеткен.

Дегенмен де, Манас батыр айтып кеткендей тәуелсіздік үшін өз өмірін қиюға дайын отансүйгіштер Қырғызстанда бар екен.  

«Тәуелсіздік ұғымын жай ғана сөз ретінде қабылдайтындарға көбірек ақша табуға ыңғайлы елге көшіп кетуге кеңес берер едім. Бауырлас қазақ елімен азаматтық алуды жеңілдету туралы келісім бар. Біз сіздерді Қазақстанға қуана жібереміз, ол жақта жер көп. Сіздерді де құшақ жая қарсы қарсы алады«, — деді Атамбаев.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз