Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов асабалық қызметі үшін удай ақша алады екен. Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасының тұңғыш қонағы болып, берген сұқбатында айтты. Оның арманы атақты кино жұлдыз болу екен. Бұл туралы kaz.365info.kz жазды.
«Көңілді тапқылар алаңы (КВН) маған ешқандай табыс әкеліп жатқан жоқ. Ол өз-өзін жаппайды да. Бұрын армандайтынмын. Осы Көңілді тапқырлар алаңына қатысушылардың жол пұлы, тоқтаған мейманханасының ақысы төленсе жүре берем ғой деп. Бірақ бұл таза шығын. Ал оқу бітірген соң Ресейдегідей Comedy Club немесе сериалдарға түсуге мүмкіндік алатындай жағдай жасалса ғой маған деуші едім. Жоқ…
Біздікілер тек асаба болады немесе ЖОО-дағы мамандығы бойынша сабақ беріп кетеді. Қазір менде осы арманымды орындайтын мүмкіндік бар, сол себепті де осындай өнерді сүйген жастарды тартқым келіп жатыр.
Тойға бір шыққаныма 15 мың АҚШ долларын сұраймын. Өйткені соңғы кездері бәрі той-той, ақша-ақша болып кетті. Осының бәрін қойсам деймін.
Менің басқа да жұмыстармен айналысқым келеді. Қазір жақсы, аптасына бір ғана той, кейде ол да жоқ, есесіне бос уақытым бар. 7-8 мыңға шығатын болсам дүйсенбіден жексенбіге дейін шыға беретін түрім бар. Мені біреулердің тойына «подарок» ретінде апарушылар, министрліктен қоңырау шалып, әкімдіктен қоңырау шалатындар көбейіп кеткендіктен, осындай сомаға көтеріп тастадым», — дейді ол.