Миллионер Қайрат Боранбаев иелік ететін алматылық «Қайраттың» ең қымбат ойыншысы белгілі болды. Ивуарлық Жерар Гоу «Қайрат» сапында жүріп әйгілі «Реалдың» ойыншыларынан да көп ақша тапқан. Бұл туралы Prosportskz.kzсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Жерар Гоу алматылық «Қайратқа» 2014 жылдың жазында ауысып келген.
Африкалық Jeune Afrique журналының мәлімдеуінше, Жерар Гоу жылына 2 миллион евро жалақы (Айына 165 000 еуро) алады екен. Бұл қосымша сыйақыларды қоса есептемегенде. Әрине, отандық командалар үшін бұл жалақы тым үлкен. Басым көпшілігі «Қайраттың» «қара маржаны» мұндай жалақы алуға лайықты емес деген пікірде.
Осыған қарап, қазақстандық футболшылардың неге шетел аспайтынын, ал Еуропа мен Африканың ортаңқол ойыншылары неге біздің біріншілікке қызығатынын аңғаруға болады.
Назарларыңызға Жерар Гоу мен әлемдік деңгейде танымал клубтарда өнер көрсететін футболшылардың жалақыларын ұсынамыз:
