Павлодар облысында жас жігіт 82 жастағы кейуананы зорлады деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі қылмыстық істің сотқа бағытталғанын алға тартты. Оқиға туралы Instagram желісінің қолданушылары айтып берген. Онда 1990 жылғы жігіт 82 жастағы кейуананы зорлағаны сөз етіледі.
Бұл жайттың Қозыкеткен ауылында болғаны ғана белгілі. Ал соттың баспасөз қызметі қылмыстық істің жабық күйде өтіп жатқанын алға тартты.
Сотталушыға «Зорлау», «Сексуалдық зорлық әрекеттерін жасау» баптары бойынша айып тағылған. Ол үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.