Қырғызстан президенті Қазақстанмен алты бірдей келісімді бұзған

17
149

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев билікке жаңа мемлекет басшысы келмес бұрын Қазақстанмен арадағы бірқатар келісімдерді бұзды. Оның алғашқысы Бішкек 100 миллион доллардан бас тартты, деп жазады Stan.kz.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атамбаев Қазақстанмен бірнеше келісімді бұзу туралы құжаттарға қол қойған. Оның ішінде екі ел арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция шарттарын дамыту келісімі күшін жойды. Сондай-ақ, қос елдің басшысы 2016 жылы Санкт-Петербургте қол қойған техникалық жәрдем туралы құжаттың заңдық күшін жойды.

Қырғызстанға ақшалай көмек көрсету және оның жұмсалуын қадағалау туралы протоколдың күші жойылды. Мұндағы сөзі Бішкекке 100 миллион теңге берілу жайында болып отыр.

9 қараша күні Қырғыстан парламенті қол қойған заң бойынша, Қырғыстан мен Қазақстан арасында бас-аяғы алты келісім бұзылды.

Президент СІМ-ге аталған өзгерістерді Қазақстан билігіне жеткізу туралы бұйрық берген. Атамбаев бұл құжатқа Сооронбай Жээнбековтің билікке келуіне 1 апта қалғанда қол қойған.

Айта кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы екі ел арасындағы қатынасқа сызат түсірді. Астананың қырғыз оппозициясы жетекшісі Өмірбек Бабановты ресми түрде қабылдағаны Атамбаевтың шамына тиді. Бішкектегілер Қазақстан сайлауға араласуда деп ой түйді.

Қазан айының басында Атамбаев Қазақстан билігіне қарсы шағымдарын айтты. Ол Қырғызстаннан қашып кеткен экс-президент Құрманбек Бакиевтің Алматыда жиі сауық-сайран құратынын ашына айтты. Бұдан өзге, Атамбаев 10-11 қазан күндері Сочиде өткен ТМД елдері саммитіне қатысудан бас тартқан. Аталған іс-шараға елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан еді.

Бұдан кейін екі ел шекарасындағы жүк тасу ісіне тосқауыл қойылды. Қазақстан билігі бақылауды күшейткен соң, Атамбаев «Астана бұл әрекетімен Қырғызстанды ЕЭО-ға қарасты басқа елдермен қатынасына нұқсан келтірді» деп айыптады. Алайда ол одақтан шығуға ниеті жоқ екенін алға тартты.

17 ПІКІРЛЕР

  1. маскара! Ози бастап، ози окинип отырган болар. Артымыздан Путинга барып жылап. Корерин енди кореди، Назарбаев оларга соншажаксылык жасагын умытып кеткен шыгар

  2. Жамбыл мен келисемин، бар жаксылыкты умытып кеткен адамгой бул Атамбаев. Бостан боска шулатып халыккты.

  3. Озим хан؟ озим бак деп жургой، негизи Назарбаевтын жыныны тийип отырганы жаман. Бирак ол биледы، юиздин Елбасы халыкты ойлайды، сондыктан солай истеп жур корыкпа(((

  4. Мына қылығы вообще ұят қой қасқааа. Қазақтан артық жанашыр тауып алсын енді

  5. Билгенин истесин. Одан биздин немиз кетти. Жаман айелдин минезиндей екен минези

  6. Посмотрим к чему это приведет Кыргызстан! Уж точно ничего хорошего из этого не будет!

  7. Пока Атамбаев будет находится у власти، в Кыргызстане не настанут лучшие дни.

  8. Жаңадан тағайындалған президент жақсы өзгерістер енгізеді деген сенімдемін.

  9. Бір битке өкпеледік деп тонымызды жағатын жайымыз жоқ! Білгенін істесін!

  10. Атамбев өз басына қатысты проблемасын ойламай халықты ойлау керек еді

  11. Жаңа президент мүмкін бұл жағдайларды реттейтін шығар деп ойлаймын.

  12. Қаншама қара халық ары-бері сауда-саттық жасап күнін күнелтіп жүргенде، мына Атамбаевтың ісі бастарына жай түсіргенмен бірдей болғаны хақ.

  13. 60 келісімді бұзса да қазақ пен қырғыздың арасын ажырата алмайды. аманшылық болсын

  14. Шағып алатын жыландай аузындағы уын ары-бері алаңсыз шашты ғой. Бірақ، тыныш жатқан жыланның құйрығын басқан жаман болады…

  15. Өздеріне жақсы болса солай-аө жасасын. Дегенмен، бұл келісімдерден өздері ұтылмаса، біз ұтыла қоймаспыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз