Мәжіліс депутаты: Біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

3
189

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров премер-министр Бақытжан Сағынтаевтан ұлттық кірісті бөлу жүйесін қарауды өтінді.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Қазақстан кедей елдер қатарына кірді. Сарапшылар отбасындағы кіріс пен олардың қарызын есептеген. Елімізде отбасы кірісі азайып, қарызы өсіп жатыр», – дейді Қоңыров.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе ұлттық кірісті тарату жүйесімен байланысты.

«Осы себептен біз бай мемлекет саналамыз. Бұл шикізаттық емес экономиканы дамытуда және өмір сүру деңгейін көтеруде негізгі кедергі болып табылады. Бұл туралы елбасы да жиі айтып жүр», – дейді Қоңыров.

Мәжіліс депутаты квазимемлекеттік сектор мен екінші деңгейлі банктердегі, қаржы саласындағы қаражатты бақылауды күшейту туралы ұсыныс айтты.

Оның айтуынша, алдымен экономиканы көтеріп, ұлттық байлығымызды дамытып, содан кейін ғана ұлттық кірісті бөлуді қолға алу керек.

3 ПІКІРЛЕР

  1. ЖЕЛТОҚСАН келе жатыр ма , жоқ бұлардың расымен де миларындағы жасушалар жұмыс істей бастады ма? біреуі(01) сырттағы млрд долларды әкеліп жұмыс жасатыңдар десе, екіншісі ағылшын тілді мектептен алу керек, ал мынау халық кедей деп сөйлеп кетті ғой өзі , қай сасқандары екен?!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз