Жүрсін Ерман айтыстағы теріс діни ағымдағы ақындар туралы шындықты айтты

0
604

Айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман биыл алтыншы рет өтуі тиіс «Алтын домбыра» ақындар айтысының төңірендегі дау-дамай туралы айтып, Жас алаш газетіне сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүрсін Ерманның айтуынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі рұқсатын беріп отырған айтыс биыл өтпейтін болыпты.

Себебі, маңызды шараны өткізу «радикалдық діни ағымдардың мүшесі» делінетін ақындарға жүктелген. Жоғарыдағы басшылық халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағын бұл жауапкершіліктен шеттеп отыр. Ал ақындар болса, одақ болмаса қатыспаймыз деп, «Алтын домбырадан» бас тартқан.

Жүрсін Ерман сәуір айында елбасысмен тікелей жолығып, айтысты жиі өткізіп тұру жөнінде тапсырмасын алған.  Бұдан бөлек, 15-желтоқсанда «Тәуелсіздікке тарту» деген атпен ұйымдастырылғалы отырған айтысқа да әкімдік шектеу қойыпты.

– Президент төл өнерді дамытып, жер-жерлерде айтыс өткізуді, соңынан қорытынды айтыс ұйымдастыруды тапсырған болатын. Дегенмен ел тізгінін ұстағандар патшаның бұл тапсырмасын біле тұра, айтыстың жолын кес-кестеуден таймай отыр, – дейді айтыс жанашыры.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз