Бауыржан Байбектің қызметінен кеткені рас па?

0
152

Алматы әкімі ауысады деген сыбысқа қатысты қала әкімдігі ресми түсініктеме берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы басшысы ауысады деген сыбысқа әкімдік түсініктеме берді. Фото: matritca.kz

Әкімдік мұндай сыбыстың шындыққа жанаспайтынын алға тартқан.

«Бұрынғы режимде жұмыс істеп жатырмыз», — дейді әкімнің баспасөз хатшысы Тимур Базарбаев.

Еске салсақ, желі қолданушылары арасында Алматы қаласының әкімі ауысатыны туралы сыбыс тараған болатын.

Ел арасында тарап кеткен ақпаратта қаланың жаңа әкімі ретінде Асқар Мырзахметов тағайындалғаны сөз етілген.

Әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз