Атышулы Айжан Байзақова кезінде намаз оқығаны белгілі болды

0
919

Танымал қазақстандық блогер Өркен Кенжебек атышулы Байзақованың бір кездері ұятты да ибалы қыз болғанын мәлімдеді. Айтуынша, бүгінде тәнін жалаңаштап, ел назарын аударып жүрген Байзақова бұрындары намаз оқыған. Тек отбасындағы жанжалдан соң арсыз жолға түскен, деп хабарлайды Stan.kz.

“Айжан Байзақованың айналасындағы у-шудан құлағым тұнып тұр. Істегені ұят шығар, қарсы шыққандар жөн шығар деп үн қосайын десем, ауызыма аяқтарын тосып тұрғандай мына ағайын. Былай ғой, Байзақова жайлы білерім – қазір бетімен кеткенмен, басында ұяты түгел, әжептеуір ибалы қыз еді дейді. Анасы намаз оқиды, өзі де намаз оқыған екен, бірақ тұрмыста бір ауыр соққы алып, беті ары ауып кеткен дегенді де естідім. Жын иектеген дейді, анасымен қатты ұрысып, осы жүрісін қасақана істейді дейді, кім білсін. Қоғамға қарсылығы да шығар, бәлкім”, – деп түсіндірді блогер.

Өркен Кенжебек Байзақоваға батырып ештеңе айта алмайтынын мойындады. Автор бір кездері журналист Маржан Сұлтанбайдың шашын тақырлап алыс тастап, ашық-шашық киімге әуестеніп, кейін аяқ астынан түзелгенін мысалға келтірді.

“Орамал тақты. Тұрмысқа шықты. Баланы да, бақытын да тапты. Сондықтан, Байзақова бір күні бұлт етіп құбыла қалса, таң қалмаймын да, тас лақтырмаймын да.. 22-дегі желқыз ғой, әмин, солай болсыншы!” – деп тілегін білдірді ол.

Десе де, блогер Байзақованың ісін ақтауға болмайтынын тілге тиек етті.

“Бірақ, оның өзіне жасап алған образы, өткендегі әрекеті (мейлі, басқалар ұйымдастырсын, жай ілігіп кетсін) ақтауға тұрмайды. Айыпталу керек еді. Дәл қазіргідей изоляторға жатқызу болмаса да, қоғам тарапынан оның әрекетіне қарсылық болғанын сезіндіру керек еді. Сондықтан, айналдырған 10-20 қазақ жігіттің бейнемәлімдеме жазып, әлгі клубтың босағасына барып, шарасыздан шырылдап жүргендерін де түсінемін. Айыптамаймын. Сөздерінде «шаңырағын ортасына түсіреміз» деген асылық болған шығар, түрлері сіздерге ұнамайтын шығар.. Тентегі мен телісін арбаның доңғалағына таңып, болмаса киіз туырлыққа орап тастап-ақ тезге салып алатын қазақ едік қой.. Ол уақыт өтті. Қазақ енді бұрынғы қалпына келмейді. Түсінемін. Бірақ, бұндай қарсылық болмаса, мен онда ұлт ретінде қалуымыздан да қорқар едім”, – деп түйіндеді сөзін Өркен Кенжебек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз