«Мені босат». Зират үстіне салынған шіркеуден үрейлі дауыс естілді (видео)

0
687

Паранормалды құбылыстарды зерттеушілер қараусыз қалған шіркеу ішінде адамшошырлық дауыстар естіген, дейді kaz.tengrinews.kz. Ал шіркеу Рождество қарсаңында мерт болған балалар зиратының үстіне салынған-мыс.

Видеодан «мені босат» деген дауыстар естіледі. Сонымен қоса, балғамен ұрғандағы соққылар дауысы естіліп, түсініксіз жарық шеңберлер пайда болған, — деп жазады Mirror.

Видеоны түсірушілер өздеріне әлдекімнің тас лақтырғанын да айтады. Мұнда сатанизм жоралғылары өткізілетін болған деп есептеледі. Рождество аяздарына шетінеген нәрестелерді де осында жерлеген екен. Бұған зират қойлатын тақтайшалардың табылуы дәлел болып отыр. 


Бұл Әулие Мәриям және барлық әулиелер шіркеуінен қалған мұнара. Видеожазбада ырылдаған және әскер өтіп бара жатқандай дүрсілдеген дауыстарды естуге болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз