Атышулы Еркін Ізбасар журналистерді сот залында атып тастау керектігін айтты

0
191

Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «төрт ағайынды» атымен танымал қылмыстық топқа қатысты сот отырысының тыңдалымы өтіп жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Соттың жаңа жылдан кейінгі алғашқы тыңдалымы айқай-шумен басталды. Сот залына келген журналисті көрген сотталушылар мен олардың туыстары БАҚ өкілдерінің жұмыс істеуіне қарсы шығып, телефондарына жармасты.

«Сөндіріп таста деймін телефонды. Алып кетіңдер мынаны, телефонын тартып алыңдар, мынау жазып жатыр», – дейді сотталушылардың туыстары.

Сот төрағасы БАҚ өкілдерінің ашық сот процесіне қатыса алатын түсіндіргенімен сотталушылардың туыстары журналистерге қарсы екенін қайталаумен болды.

«Ертек жазып жатыр. Өткенде мені ұрды деп шулап жазды. Атып тастау керек, автоматты басына тақап«, – дейді Еркін Ізбасар екі жұдырығын түйіп, жұлқынып.

Сот төрағасы Еркін Ізбасарға орынсыз сөйлегені үшін сот залынан шығарып жіберетінін айтып, ескерту жасады.

Сонымен қатар, заң бойынша БАҚ өкілдерінің ашық сот отырыстарына қатыса алатынын түсіндірді. Сотқа қатысушыларға ұялы телефонды тілшілердің сот кезінде жұмыс құралы ретінде пайдаланылатыны айтылды.

Айта кетейік, Ақтөбеде қылмыстық топ құрып, мұнай ұрлағына қатысты, мұнай өнімдерін шетел асырды, кəсіпкерлерді қорқытып, ақша бопсалады деп айыпталған сотталушылардан жекелеп жауап алынып жатыр.

Ал сот процесін БАҚ өкілдері осыған дейін адамның көптігіне байланысты басқа залда тыңдаған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз