Бүгін Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, салдарынан 52 адам қайтыс болған еді. Олардың дені Өзбекстан азаматтары. Жантүршігерлік апат болған жерден түсірілген фотолар мен видеоматериалдар әлеуметтік желілерге тарап кетті, – деп жазады sn.kz порталы.
Айта кетейік, қайғылы апат бүгін таңертеңгі сағат 10:30 шамасында Ырғыз ауданында болған еді. Автобуста барлығы 57 адам болған. Бес адам лаулаған көліктен шығып үлгеріпті. Қалғандары тірідей өртеніп кеткен.
Қазіргі таңда апаттың себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ, мамандар қаза тапқан жандардың тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізетін болады.