12 жасар қызды қонақүйде зорлаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды  

0
2314

Алматы облысының полициясы 12 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасағанNUR.KZ.

18 қаңтарда Іле ауданы полициясына Междуреченск ауылының тұрғыны келіп, 12 жасар қызын белгісіз ер адамның зорлағанына арызданған.

«Жедел іс-шаралар барысында күдікті бірнеше сағат ішінде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды», — деп хабарлады облыстық полиция.

21 жастағы жігіттің кішкентай қызды ауылдағы қонақүйлердің бірінде зорлағаны белгілі болды. Қаскөй алдын ала тапсырыс беріп қойған бөлмеге алтыншы сынып оқушысын алдап апарған.

«Күдікті жігіт жасынан үлкен көрінетін қызбен жыныстық қатынастың өзара келісім бойынша болғанын айтады. Бірақ зардап шегуші тарап мұны жоққа шығарып отыр», — дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта Іле аудандық полициясы ауыл тұрғынын қамауға алды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз