Жасырын үйленіп алған ба: Тәуекел Мүслім мен Жанар Дұғалованың үйлену тойының суреті пайда болды (фото)

0
584

Желіде белгілі актер Тәуекел Мүслім мен Жанар Дұғалованың үйлену тойларының суреті тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Желі қолданушылары белгілі актер Тәуекел Мүслім мен әнші Жанар Дұғалованың шаңырақ көтерген, көтермегенін түсіне алмай дал болуда. Instagram желісіндегі tauekel.zhanar парақшасында жұлдыздардың күйеу жігіт пен қалыңдық болып түскен суреттері жарияланды.

Өз кезегінде желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды.Кейбірі олардың бір-біріне лайық еместігін айтып жатса, енді бірі бақыт тілесті. “Құдай-ау, Тәуекел Жанарды не істейді? Үп-үлкен қыз ғой”, “Жарасымды жұпсыңдар”, “Екеуі мүлдем жараспайды”, – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетсек, желіде пайда болған фотосуреттер “Ваша свадьба” журналының фотосессиясы үшін түсіріген болуы бек мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз