Назарбаев: Қайда жүрсем де қазағым деймін, қазақтың мүддесін іздеймін

9
254

Америка сапарының қорытындысы аясында өткен әлем журналистері қатысқан баспасөз мәслихатында президент Нұрсұлтан Назарбаев сөзін осылай бастады.

«Мен дүниежүзіндегі екі жүз мемлекеттің алдында қазақ президенті, қазақ баласы, қазақ атынан сөйлеп отырмын». Міне, біздің президентіміз осылай дегенде, жан толқыды, «тәубә, тәубә!» деп тілімді кәлимаға келтірдім.

Бұл сөздерді, «менің қазағым, мен қазақтың ұлымын» деген сөздерді  мына мен, қарапайым оқытушы, студенттердің алдында айтушы едім. Басқа замандастарым, әріптестерім «Қазақ!» деген сөзден қорқып, Қазақстан азаматы, «Қазақ тілі!» дегеннен қорқып, мемлекеттік тіл дегенде өзінің саяси сауатын танытқандай, бәлкім менен гөрі мәдениеттілеу, сауаттылау екенін көрсеткісі келетін. Осыған дейін қай әкім, қай министр, қай премьер, тіпті қай мектептің директоры «мен қазақ үшін жұмыс істеп жүрмін» деп айтып көрді екен? Естеріңде болса, айтыңдаршы, жазыңдаршы, лайықты марапатқа ұсынайық. Айтқан жоқ. Айта алмады.

Міне, елбасы Назарбаев Нұрсұлтан өзінің қазақ президенті екенін қазақша айтты, қазақ мүддесі бәрінен жоғары екенін айтты. Енді, бұдан былай әрбір әкімнің, министрдің, депутаттың аузынан осы сөздерді еститін болайық. Рухани жаңғыру, есіңді жию, төбеңе қарау  дегеніңіздің өзі осы емес пе?

Тек бұл сөздерімді басатын редактор, кертіп тастамай шығаратын сайт  болсын, деңіз. Масқара болғанда, менен де «мәдениетті», менен де «қырағы» редактор табылып, бұғып қалмасын деңіз.

Зарқын Тайшыбай, 

Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры

9 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақ болып туылған адам ғана мұндай сөздерді айта алады, жаны қазақ, рухы қазақ адам ғана. Елбасыға риза болдық әбден.

  2. айтпаңыз، президенттің ашылу сөзінде қазақстанымыз туралы айтқаны тіпті көзімізге жас әкелді، бұл үлкен мақтаныш، қуаныш қой

  3. Рухани жаңғыру негізі елімізге жақсы әсер етіп жатады, ескіні сілкіп тастап, жаңаша дамуға бет алғандаймыз. Билік өкілдеріне қазақпын, қазағымның мүддесі деген сөздерді күтеміз әрине.

  4. Қазақстанның туы биіктіктен көріне берсін!Елбасымызға денсаулық пен қажымас қайрат тілеймін!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз