Ерлан Саиров мені банға тығып, жазған пікірімді өшіріп тастапты. Сонда елден шындықты жасырғысы кеп отыр ма? Осыдан-ақ, оның биліктің сойылын соғып жүргенін аңғаруға болады.
«Оларды өз жұмыстарына немқұрайлы қарап, ұлттық мүддені аяққа таптап отырғандары үшін оларға алғыс айтып отырсыз ба? Осы шу басталғалы бір ай болды. Бір айда іске араласса қайда қалды? Әріден соң, сіз айтып отырған замәкім Әсеміңіздің қол астындағы Ішкі саясат мамандары қалада қазақ көшелері аз деп жазған тілшіні қыспаққа алған. Тікелей басшысы Якунина сөгіс берген. Сонда сіз кімді жақтап отырсыз?» – деп жазған пікірімді өшіріп тастам, мені банға тығыпты.
Тіпті, тіссқаққан журналист Ермұрат Бәпидің «Якунинаны жұмыстан қуу керек» деп жазған пікіріне жауап беріп, Якунинаның кінәсі жоқ екенін айтқан.
Сонда сіз кімнің сойылын соғып жүрсіз? Журналист Мұратхан Кенжеханның өзі қандай қысым көргенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды емес пе? Сіз соның бәрін біліп отырсыз.
Еске сала кетейін, Өскемендегі «Дидар» газетінің тілшісі Мұратхан Кенжехан «Өскеменде 706 көшенің 12 пайызығы ғана қазақша» атты мақала жазып, артынша сол үшін басшылық тарапынан қудалауға ұшыраған.
Бұл жерде қазақ баспасөзінің ерлігін айтуымыз керек!!! Дереу сол туралы мақала жазып, әлеуметтік желі арқылы халыққа жеткізген ұлттық мүддешіл баспасөздердің арқасында Мұратхан қызметінен кетпей, аман қалды. Енді Якунинаны жұмыстан алу керек, Ермұрат Бәпи айтпақшы.
М. Ерғали