Танымал журналист: «Мейрамбектің шын бейнесін көрсеңіз шошып кетесіз»

0
458

Қазір ат шығару дейміз бе, атақ шығару деген жөн бе, анығын өздеріңіз айтасыздар. Теле журналистикада эфир жағалап жүрген қыз-жігіттер алуантүрлі амал-айлаға баратын болған.

Солардың бірі – Аман Тасыған. Атышулы Замираны сұхбатқа шақырып, оған белден төмен сұрақтар қойып танымал болған.  «Жас Қазаққа» сұхбат берген Аман ағынан жарылған екен.

Мейрамбек Бесбаев жайында кез келген адам өзінің санасына керемет сурет салады. Ол ішпейді, түзу жүреді, ерсі әрекеті жоқ деген сияқты.

Күндердің бір күнінде оның шынайы бет бейнесін көрген кезде, көрерменнің санасында үлкен бір төңкеріс болады. Қабылдай алмай қалады.

Мысалы Төреғали соның таяғын жеді. Өмірде ол басқа адам. Ал сахнада, көрерменнің көзінде мүлдем басқа болып қалыптасқан.

Шынайы бет бейнесін көрген кезде әлеуметтік желідегілер қабылдай алмады.

Біз өкінішке қарай, сен екеуміз отырған үстелдің табиғи ағаштан жасалғанын қабылдай алмаймыз. Оны орманның ішіндегі кәдімгі ағаш екенін айтса, «Өңделген, әдемі, басқаша ғой. Бұл қалай жәй ғана ағаштан жасалады» — деп сенбей жатамыз. Әдемілікті, жасандылықты қатты насихаттап жібереміз. Осының кесірінен кей кезде шынайы сырласатын адам таппай қаламыз. Жасандылық жайлап кетті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз