Мұқтар Шаханов Түркияға кете ме?!. Әйгілі ақын Түркі әлемінің тағы бір дара сыйлығына ие болды

7
103

Әйгілі ақын Түркі әлемінің тағы бір дара сыйлығына ие болды.

Заманымыздың заңғар тұлғасы, өткен жылы ғана жемісті 70-жылдығын бүкіл қазақ елі тойлаған әлемге әйгілі ақынымыз Мұқтар Шаханов туралы жаңа жыл қарсаңында екі жаңалық естідік. Бірі жақсы, екіншісі еліміз үшін жағымсыздау хабар. Жақсысы – Мұқаң Түркі әлемінің тағы бір дара сыйлығына ие болыпты. Жағымсызы – «Мұқтар Шаханов Түркияға кетеді екен» деген жел сөз. Алдымен жағымдысын хабарлайық.
Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны, “Түркi тiлдес халықтар арасындағы ең үздiк әлем ақыны” атағының иегерi, қоғам қайраткерi Мұхтар Шахановқа “Түркi әлемiне дара қызметi үшiн” халықаралық сыйлығы табыс етілмек! Бұл туралы Түркi әлемiнде ғылым мен мәдениет саласында қызмет көрсететiн ең беделдi ұйымдардың бiрi болып табылатын Түркi әлемi жазушылары мен өнер қайраткерлерi қорының президентi (TURKSAV) Яхья Акенгин хабарлады. Халықаралық сыйлық биыл 2013 жылдың мамыр айында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін «Түрік күні» атты мәдени-ғылыми конференцияда тапсырылады.
Бұған дейін Мұхтар Шахановқа 2006 жылы Әзiрбайжан Республикасындағы “Вектор” халықаралық академиясында Түркия, Әзiр¬байжан , Солтүстiк Кипр мемлекеттерi атынан “Түрiк әлемiне сiңiрген ерен еңбегi үшiн ” атты алтын медаль мен аталған академияның құрметтi докторы атағы берiлгені белгілі.

Біз Мұқтар ағаның өзіне хабарластық. Демалысты білмейтін ағамыз әдеттегідей, сенбі күні болса да, жұмыс орнында отыр екен.
-Аға, тағы бір Түркі әлемінің сыйлығын алып жатыр екенсіз, құтты болсын!
-Рахмет. Ол әлі берілген жоқ, кейін мамыр айында НЬю-Йоркте беріледі екен. Сонда Түркі күндері өтетін көрінеді.Баспасөздің бәрі жазып жатыр ғой.
-Екінші бір хабар жүр интернетте… Сізді Түркияға кетеді деген сөз шығыпты ғой.
Мұқаң шоршып кетті:
-Немене! Неге кетем мен Түркияға?!. Құдай сақтасын! Кім жазып жүр?
-Білмейміз, шақырған шығар деп ойлап қалғасын анығын өз аузыңыздан білейік деп, хабарласып жатқанымыз ғой. Шамасы, www.gu-gu.kz сайтынан оқыдық қой деймін…
-Жоқ, мен Түркия болсын, мейлі, қай ел болсын, өз елімнен неге кетуім керек? Ешқашан, ешқайда кетпеймін. Ондай ойымда да жоқ, сенен бірінші рет есітіп тұрмын.
-Жақсы, аға! «Гу-гудың» гу-гуы шығар бұл… Көңіліміз енді орнына түсті. Қазақтың ақиық ақыны, даланың дара тұлғасы болып, жүзіңіз жарқын күйде жүзге жете беріңіз!
-Рахмет, айналайын!

Қ.Сейхуни
«Қазақ үні» газеті
www.gu-gu.kz

7 ПІКІРЛЕР

  1. ағамыз маңгі оз қазақ топырағнда қалат.үиткені ағамыз сатқын емес,еркек

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз