Жазушылар одағы Баян Есенатеваның деңгейінде деген жас ақын бөлімше басшысы болып тағайындалды

0
2134

Улап-шулап ақыры 22 жыл Жазушылар одағын басқарған Оразалин қызметінен кетті. Орнына «Тағайындалғаныма аса мәз емеспін» деп, келе салып одақтың 30 миллионнан астам қарызы барын айтқан Ұлықбек Есдәулет деген танымал ақын ағамыз келді.

Әзірге одақ жұмысында бәлендей бір өзгеріс байқап жатқанымыз шамалы. Тек, жер-жерлегі бөлімшелердің басшылары болған шал-шауқандарды орнынан алып, жастарды тағайындап қойғаны болмаса. Өткенде осы фейсбукте оқып қалып едім – «Ол жастарды кім тыңдайды? Не бедел жоқ, не сөзі өтпейді» деп келетін біреудің пікірін.

Жастар демекші, осыған дейін біздің сайтымызға сұхбат беріп, Жазушылар одағын халтурщиктердің ордасына теңеп, атышулы Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдау керек деп жар салған Баурыжан Қарағызұлы Астана қаласы филиалының басшысы болып тағайындалыпты. Басқа емес, әйгілі ақын Несіпбек Айтұлының орнына келіпті.

Енді өз сөзінде тұрып, Баян Алагөзованы одақ мүшелігіне ұсынатын шығар деп болжап отырмыз. Жас ақынның даулы сұхбатын оқырман назарына қайта ұсынуды жөн санадық.

Бауыржан Қарағызұлы: Жазушылар одағы Есентаеваға лайық

Осыған дейін әлеуметтік желіде белгілі продюсер Баян Есентаеваны Жазушылар одағына қабылдау туралы ұсыныс айтып едім. Аталмыш пікірім отандық белді басылымдарда жарияланып, қоғам тарапынан қызу талқыланды. Бүгін белгілі жас ақын, «Әдебиет порталының» бас редакторы Бауыржан Қарағызұлын сұхбатқа тартып, Жазушылар одағына қатысты пікірін білдік. Сонымен…

– Баян Есентаеваны Жазушылар одағына қабылдау туралы ұсыныс айтып едім, әлеуметтік желіде. Шу боп кетті. Осыған орай өзіңіз не ойлайсыз?

– Қадірі кеткен Жазушылар Одағына кім мүшелікке қабылданбай жатыр дейсіз?! Екінің бірі – егіздің сыңары Одақтың мүшесі. Бəленбай Түгенбайұлы деген халтурчик журналист те мүше, əкім, Бас-Тық тағы да басқа толып жатыр. Олардан не қайыр?! Жазушылар Одағы деген қасиетті шаңырақтың атына кір келтіргенен басқа түк пайдасы жоқ. Əйтеуір онысыз да жетістіріп жатқандары шамалы ғой, одан да сіз ұсынып отырған Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдап алсын. Қазір соған лайық болып тұр өзі…

Картинки по запросу баян есентаева

Баян Есентаева

– Жеке сізге одақтан не пайда? Мүшесіз ғой. Сонда мүше болған уақыттан бері, одақтан не көмек көрдіңіз, не істеді сізге?

– Жөн сұрақ. «Əдебиет порталының» бас редакторы, жетекшісі болғандықтан бəрі мені мүше деп ойлайды. Дəл қазір мен мүше емеспін, қуанышыма орай… Бəлкім, Одақтың жұмысы дұрысталғанда ұсыныс болар, сол кезде мүше болармыз… Шындығында мүшелікке қызықпаймын. Одан маған келіп-кетер жоқ. Не пайдасы бар?!

Похожее изображение

Ақын Бауыржан Қарағызұлы

Сұхбаттасқан Махамбет Ерғали

gu-gu.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз