«Бір мезетте үш жігітпен жыныстық қатынасқа түстім»: Алматылық бойжеткен жиіркенішті өмірінен бас тарта алмай жүр

0
229

Алматылық бойжеткен Әлияның жыныстық қатынасқа деген құштарлығы мас кезде оянады екен. Ондай кезде өзін тежей алмайтын ол, кез келген ер адаммен төсектес бола беретін көрінеді. Бұл туралы бойжеткен Newtimes.kz тілшісіне әңгімеледі.

Айтуынша, Әлияны 16 жасында өзінің жақсы көріп, кездесіп жүрген жігіті зорлап тастаған екен. Жыныстық қатынаспен сол кезден бастап айналыса бастапты. Сондай-ақ, шылым шегу, ішкілік ішу де содан басталған.

«Мен күйеуге пәк күйімде шығамын деп армандайтынмын. Бірақ жігітім өмірімнің астан-кестеңін шығарды. Бұл оқиға менің басымнан өтті дегенге сенгім келмеді. Содан кейін бірнеше мәрте кешірім сұрады. Мен бәрін ұмытқым келді», – дейді Әлия.

Сөзіне қарағанда, ол жақсы отбасында өскен. Бірақ анасымен жақын қарым-қатынаста емес. Өйткені әжесінің қолында тәрбиеленіпті. Ал шешесі болса, өзінің екінші күйеуімен бірге тұрады екен.

«18 жасымда жүкті болып қалдым. Ешкімге айта алмадым. Басымдағы қайғымды анаммен де бөлісе алмадым. Қатты күйзеліске ұшырағаннан балам түсіп қалды. Осыдан кейін шылым шегу мен ішкілік ішуді тастадым. Өмірімді жаңадан бастап, спортпен айналыса бастадым. Тіпті ешкіммен кездеспедім», – дейді өмірін сол кезде өзгерткісі келген Әлия.

Бірақ 20 жасында әжесі қайтыс болып кетеді. Әлия бұрынғы лас өміріне қайта оралған. Шылым шегу, ішкілікке салыну, кез келген жігітпен төсектес болуды қайта бастайды. Кейін бұл өмірінен жиреніп кеткенін айтып отыр. Секске тәуелділіктен шаршап, одан арылғысы келеді екен. Айтуынша, көбінесе мас кезінде ол жігіт іздейді. Соңғы уақытта үш жігітпен бір мезетте төсектес болыпты.

«Ол кезде қатты мас едім. Есімді білмеймін. Не істегенімді де толық еске түсіре алмаймын. Бірақ сол жағдайдан кейін өзімнен жиіркенемін. Тек ішкенде ғана болмаса, сау кезімде жыныстық қатынасқа түсуге зауқым да болмайды», – деген ол бұл әдетінен қалай арыларын білмей жүр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз