Айгүл Иманбаева: Клипте төсектес болған жігіт – ұлымның досы (ВИДЕО)

1
396

Танымал отандық әнші Айгүл Иманбаева жауырда Прагада түсірілген бейнебаянын қалың тыңдарманға таныстырды. Әдеттегідей, көрерменнің пікірі қақ жарылды. Бірі бейнебаянды мақтаса, енді бірі Айгүлдің клипте жас жігітпен төсектегі көрінісін сынап тастады.

Осыған орай танымал әнші «Время» басылымына сұхбат беріп, мән-жайды өзі түсіндіріп берді.

– Мұндай талапты менің шоу-бизнестегі продюсерім болып табылатын Баян Алагөзова қойды. Клипте менің сүйіктімнің рөлін сомдайтын жігіт қазақ болмауы керек болды. Бейнебаян Прагада түсірілгендіктен, актердің жол шығындарына қаржы жұмсамау үшін сол жерден табуға бел будық. Баян алдын-ала Прагада оқып жатқан ұлым Асылжанға тапсырма беріп, бойшаң, сымбатты, мұрты келіскен, жасы 35-40 шамасындағы актерді табуды сұрады. Ұлымның есінде «мұрт» деген сөз ғана қалды ма, әйтеуір, 25 жастағы жігітті ертіп әкелді. Оның есімі Владислав Гогулинский, ұлты – украин, студент, ұлымның досы. Алғашында аздап ыңғайсыздандым, алайда мен актер ретінде образды сомдауым керек болды. Бүгінде әлеуметтік желіде «Ұлты қазақ емес, әрі жас жігітпен қалай төсек рөлін сомдайсыз?» деп жазғанда «Мен актрисамын. Менің мамандығым маған сондай мүмкіндік береді» деп жауап беремін.

«Сонда сіз бұл провакацияға саналы түрде бардыңыз ба?» деген тілші сауалына әнші бұл мәселеге аса бас қатырмайтынын айтты.

– Мен әртіспін. Көп адам менің театрда сомдайтын рөлдерімді көрмеген болар. Мен министрдің қызын, нашақорды, тіпті, жезөкшені де сомдап, сахнада шылым шегемін, – деп жауап берді.

1 Пікір

  1. Айгүл ханымның тынбай еңбектеніп, ізденіп, шығармашылығын шыңдап отыратынына ризамын. Əрбір рөлін жүрекпен ойнайды. Рахмет сізге Айгүл ханым!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз