Рамазан айында мешітте садақа жәшігін ұрлап кетті. Ұрлықтан кейінгі сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жүр, – деп жазды sn.kz.
Мешіт қызметкерінің айтуынша, ұрылар Алматы облысы Қырбалтабай ауылының мешітіндегі садақа жәшігін ішіндегі ақшасымен бірге ұрлаған.
Айта кетсек, қасиетті Рамазан айында кейбір мешіттерде аяқ киім де ұрланған болатын.