АЛАШТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫН ҰЛТТЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ ҰЛЫҚТАУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРУ ҚАЖЕТ

16
118

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің атына жолданған «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясының депутаттық сауалында осындай мәлімдеме жасалды. Фракция депутаттарының атынан сөз алған Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев «Ақ Жол» партиясының парламенттік фракциясы өткен жылы Алаш қозғалысының 95 жылдығының қарсаңында Алаш рухын ардақтауда әлі де атқарылмай жатқан істер көптігіне назар аударып, Үкімет басшысының атына сауал жолданғаны, оған Алашқа байланысты Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері істелген жұмыстар туралы хабардар еткен Премьер-Министр қол қойған жауап алынғанын еске салды. Қараша айының 23-інде «Ақ жол» партиясы осы датаға орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «ХХ1 ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді. Осы конференцияның және Алматыда, бірқатар облыстарда жалғасын тапқан Алаш тақырыбына өткізілген әртүрлі жиындардың қатысушылары «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, оның дайындығына Үкіметті, Парламентті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды қазірден кірісуге шақырды.

Мәңгілікке ұмтылмайтын ұлт жоқ. Елбасымыздың Қазақстан-2050» Стратегиясын Қазақстан халқы зор қуанышпен қабылдадады. Бұл – аса маңызды тарихи құжат. Ұрпаққа жауапты – талап. Ұлттық интелегенция, олардың шығармашылығын қалыптастыруда, тіліміздің мәртебесі, экономикамызды дамытып, Елдігіміздің тұғырын көтеруде Елбасымыздың игілікті мақсаттарымен Алаш азаматтарының ниеттері арасында үлкен сабақтастық жатыр. Мемлекет Басшысы өзінің Жолдауында «Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек» деп тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат ететінімізді жариялады. Және оның ең басты шартын да атады: «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз». Бұл ретте атқаруға тиіс міндетіміз – жасампаз және өміршең ұлт қалыптастыру жолында еңбек ету, осы мұратқа жеткізетін заңдық негізі қуатты, қоғамдық тетіктер (механизм) жасау. Соның бірі Алаш қайраткерлерін ардақтаудың деңгейін биікке көтеруді бұдан әрі кешіктірмеу. Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңіру үшін, бұған үкімет кешенді түрде келіп, баса назар аударуы тиіс.

Уақыт тез өте шығады. Алаш қозғалысының 100 жылдығы да алыс емес. «Ақ жол» фракциясы осы ретте Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай шараларды белгілеуді ұсынады:

1. Алаш қозғалысының 100 жылдығын мемлекеттік және жалпыұлттық дәрежеде атап өту үшін Мемлекеттік комиссия құру, сондай-ақ оған жалпымемлекеттік және аймақтық кешенді бағдарламалар даярлау ісін жүктеу.

2. Жас ұрпақты Алаш идеясымен кең ауқымда және жүйелі түрде таныстырып, оны отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттарын, бірінші кезекте 1928-1932 жылдарға тиесілі ғасыр құжаты аталған «Алаш ісі» сот процестері материалдарын көп томдық түрінде жариялау ісі қолға алынғаны жөн.

3. Осы «Алаш ісі» сот процесімен тікелей байланысы бар келесі мәселе ол ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарында жүргізілген саяси репрессия материалдары. Қазақстан тарихында ұлттық саяси басқарушы топқа (элита) және шығармашылықтағы зиялыларға байланысты жүргізілген жаппай репрессиялау шараларының себеп-салдары іргелі зерттеу тұрғысынан әлі де болса жан-жақты толық ашылмаған күйінде қалып келеді. Қазақстандағы репрессия тарихы отандық тарихшы-ғалымдардың күшімен қорытылғаны дұрыс.

«Ақ жол» фракциясы осы мәселелердің аса маңыздылығын ескере отырып, Үкімет басшысынан алдағы қабылданатын нақты да кешенді шаралар жөнінде хабардар етуді сұрады.

«Ақ жол» фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және сайлаушылар аманаттарын орындау бойынша жұмысын жалғастыра береді.

2013 жылдың 23 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі

16 ПІКІРЛЕР

  1. АЛАШТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫН ҰЛТТЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ ҰЛЫҚТАУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ҚҰРУ ҚАЖЕТ

  2. “Өзі болған” билік Алаштың 95 жылдығын елемеген еді, енді 100 жылдығын қалай өткізбек?

  3. Мен толығымен қолдаймын. Жақсы, әрі игі бастама… Алаштықтар еліміздің құрылуына біраз тер төгіп, қандарымен байлындарылған болатын. сондықтан оларды мақтан тұтып, келешек ұрпаққа жеткізуіміз керек. Неше түрлі 14 ақпан сияқты маңызы жоқ мерекелерді өткізгенше, осыны атап өткен жөн.

  4. Ақжолдықтар өте өзекті мәселені қолға алды, бұл жалпы қазақ елінің “бір жеңнен қол, бір жағадан бас” шығара қолдауға тұрарлық идея. Алаштың көкірегі ояу, көзі ашық ұлдары өз өмірін елінің еркіндігі, келер ұрпақтың, яғни біздің жарқын болашағымыз үшін құрбан етті.
    Ендеше, ақжолдықтар, АЛҒА тек!!!

  5. Әр қазақ өзінің тарихын білуге міндетті, ал Алаштың 100 жылдығын тойлау дегеніміз тарихқа терең үңілу, олай болса ақжолдықтардың бұл бастамасы құптарлық іс, комиссия құрылған жағдайда тек Астана мен Алматыда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де құрылса нұр үсітне нұр болар еді.

  6. Керуен көшеді, ит үреді. Мәңгүрттердің үргеніне көңіл аудармайық, қазақ мемлекетін құрамыз, қазақты оятамыз деп жандарын пида еткен Алаштың ардақтыларының атын жаңғыртып жатқан Ақ Жолдықтарға алғысым ұлкен. Алла беттеріңнен жарылқасын!

  7. Ақжолдықтардың былтырғы жылы «Алаш қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында өткізген ғылыми-практикалық конференциясының материалдарымен оқып танысқан кезде, бойымды үлкен қуаныш билеген еді. Алаш ардагерлерінің жанкешті замандағы асқан армандарының ұмытылмағанының куәсі болғандай сезініп едім өзімді. Ақжолдықтардың «Алаш» қозғалысының 100-жылдығын аса маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, оның дайындығына осы қазірден бастап дайындалу керек деген үкіметке жолдаған мәлімдемесін исі қазақ жұрты қолдайтынына мен сенімдімін. Сейсегүл Әбдісаттарова

  8. Дурыс, қазақ өзінің тарихын білуге міндетті!
    Келісем. Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңіру үшін, бұған үкімет кешенді түрде келіп, баса назар аударуы тиіс, комиссия құру қажет.

  9. Полностью поддерживаю данную идею. Благодаря этому мероприятию, народ сможет больше узнать о своей истории. Ведь не зря говорится, что будущее строится на основе прошлого, и настоящее всегда должно об этом помнить.

  10. Акжол партиясынын Алаш арыстарын құрметтеп, олардын елі мен жері үшін жасаған бастамаларын зерттеп, әрі қарай дамытуына қосып отырған үлестері , қазырғы жастарымызды өткені мен келешегі жайлы ойландырарына кәміл сенемін. Өткенін кұрметтеген елдің келешегі зор!

  11. Алаштың ізін қуған партияның ниеті ақ болады, осы ниеттен «Ақ жол» тайған емес. Елшілдік, дамуға ұмтылыс, ұлттық мүддеден айнымас Алаштықтар

  12. Жақсы көтеріліп жатқан мәселе. Алаштың ардақтыларын біз ұлықтамасақ кім ұлықтайды?Қазақты егемендікке де бастаған осы алаш қайраткерлері. Бар өмірлерін сарп етіп, халықтың жолында құрбан болған азаматтарды еш ұмытпауымыз керек

  13. «Ақ жол» партиясының ниеті қабыл болсын! Азамат екенсіздер. Айтпақшы бұл партияның алаш тақырыбына жазған мақалаларға жариялаған сыйақысы бар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз