Ұлттық банк 1,2 триллион теңге шығынға батты

0
146

Ұлттық банк банк секторын құтқару үшін 1,2 триллион теңге шығынға батты. Ал таза пайыздық шығын 169 миллиард теңгеден асып кетіпті. Бас банк жариялаған мәліметке сүйене отырып, осындай тұжырым жасауға болады деп мәлімдейдіКТК телеарнасы.

Ал, шығынға ұшыратқан  қаражаттың 585 миллиард теңгесі банк секторын оңалтуға жұмсалса, қалған 507 миллиард теңгенің орны еншілес ұйымдардың шығуынан ойсырап қалған. Осы екі жағдайдың кесірінен шығын көлемі 1,2 триллионға жеткен. Қаржы секторын реттеуші ұйымның резервінде 3 трлн теңге барын ескерсек, екінші банктердің жағдайын түзетуге қорындағы соманың жартысына жуығын бөліп берген. Айтай кетейік, Ұлттық банк тарапынан қаржылық тұрақтылықты нығайту бағдарламасына қатысушы-банктерді бастапқы капиталдандыруға бөлінген ақшаға екінші деңгейдегі 5 банк иелік еткен. Тізімнің басында Bank RBK тұр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз