«Труси мен көйлек»: Балаларға арналған ертегі елдің жағасын ұстатты (фото)

0
533

Ася Асеткина есімді желі қолданушысы өзінің Facebookпарақшасында балалар кітабының суреттерін жариялап, елді таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ася Асеткина

Фото: Ася Асеткина

Жақсылық Кенжалиев есімді автордың кітап ішіндегі балаларға арналған ертегілері желі қолданушыларының шамына тиді.

«Ағайындар, мынау не деген ертегі? Әлде бұл бір, «заманына қарай киімі, зердесіне қарай түйіні» демекші, қазақтың қазіргі мәдениетіне келген, қазіргі әдебиетімізге келген, қазақтың ертегісіне келген мен секілді «ескінің» адамы түсіне бермейтін жаңашыл бір стиль ма екен??», – деп жазды Ася Асеткина.

Фото: Ася Асеткина

Фото: Ася Асеткина

«Жолың болсын» деп аталатын кітап 2011 жылы Алматы қаласында басылып шыққан. Редакция алқасында Мұзафар Әлімбаев, Сұлтанбай Қалиұлы, Сейфолла Оспан, Болат Үсенбаев болғандығы жазылған.

Фото: Ася Асеткина

Фото: Ася Асеткина

Ашуланған желі қолданушысы «Енді білетіндеріңіз болса, айтып жіберіңіздерші, мынадай мәтіндегі сап- сары сағынышпен аяқталатын сазды әңгімелерді балаға сонда қалай оқытамыз??», – деп өз күйінішін білдіріп жазды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз