Жартылай жалаңаш отырып ауыз ашқан танымал отандық жұлдыздар жаға ұстатты (ВИДЕО)

0
271

Қазақстандық жұлдыздардың әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Бірқатар өнер иелері қасиетті Рамазан айында бассейннің қасында отырып, ауыз ашқан. Желіде тараған видеода қазақстандық танымалдар жартылай жалаңаш отыр, деп жазады Stan.kz.

Бейнежазбадан Нұрлан Еспанов, Асхат Тарғын сынды отандық танымалдарды көруге болады.

“Құрметті достар, бүгін Апорттың жанынан жаңадан ашылып жатқан “Майями” үлкен демалыс орнына ауызашарға шақырды. Алмуша, рақмет!” – деген видео авторы ауыз ашарды ұйымдастырған жанға алғысын жеткізген.

Бейнежазба оразаның соңғы күндерінде түсірілген ұқсайды.

Желі қолданушылары қасиетті айда жартылай жалаңаш күйде ауыз ашқан танымалдарды қатал сынға алған.

“Енді жетпегені осы еді”, – деп пікір қалдырды олар.

https://youtu.be/KCrM4nZ9Des

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз