Рамазан айында сұқбат берген әнші Ақбота Керімбекова өзінің үшінші қосағымен қалай тұрып жатқанын еш бүкпесіз айтып берді.
Бұл туралы әнші Ойбай Life бағдарламасында қонақта боп, берген сұқбатында айтты.
— Күйеуіммен ажырастым деп те айта алмаймын, жақсымыз деп те айта алмаймын.
Менімен тұрмайды ол. Белгілі бір себептерге байланысты қазір бөлек тұрып жатырмыз. Бірақ араласып тұрамыз, түбегейлі ажырасқан жоқпыз ғой өйткені.
Түсінбеушіліктер болды. Қыр-сырымызды білейік деп әлі бір-бірімізге мүмкіндік беріп тұрмыз.
Ата-енем бар, қайынжұртым бар, бәрімен жақсымын. Тек күйеуімде боп тұр ғой кінә. Ол: „Уақыт бер, бәрін орнына келтірем„ деп өлердегі сөзін айтқан соң осылай отбасылық өмірде „демалыс„ алдық.
Өзіме салса, қолымнан келгенше отбасымды бұзғым келмейді. Күйеуім мені қатты ренжітті, көңілімді қалдырды. Негізі сенгіштігімнен өмірде көп таяқ жеп келе жатырмын.
Сенемін, кемсітуге Алладан қорқамын. Дегенмен тағы да бір сынағы шығар Алланың. Тағы да алдап-арбауға түсіп жатыр ма екенмін. Сөзі мен ісі сәйкес келмейді.Отырып алып үшінші күйеуімді жамандап, ол өйтті-бүйітті демей-ақ қояйын.
Алдындағы екі күйеуіме де ренішім жоқ, бұған да қатты қапаланбаймын. Кешірдім бәрін. Қазір Ораза айы. Үш бала өсіріп отырмын. Солар бақытты болсын, аман болсын деп тілеймін Алладан.
https://youtu.be/tQAZUFrOfHk