Қазақ жігіттері қытайға тимек болған қазақ қызының тойын болдырмай тастады (ВИДЕО)

0
515

Ал ендеше! Мұндай да болады екен ғой?

Өткен жолы журналист Жолымбет Мәкіштің мына бір жазбасын жариялаған едік:

«21 күні Талғарда қытайға байға тиген қазақ қызының тойы болады екен.

Тойды кім дүркіретіп өткізгелі жатқанын білмеймін. Бірақ мынау халықтың әбден мәңгүрттеніп, намыстан жұрдай болғанын көрсетеді.

Есі дұрыс адам қызы кәпірге тигені үшін той жасаушы ма еді! Талғарда қазақтан басқа жиырма шақта диаспора (ұлт) тұрады. Бәрі бізге артын ашып күлетін болды.

Ең жаманы – бұл той енді осы сияқты кейін өтетін басқа тойлардың ең біріншісі болайын деп тұр. Қытайлар келмей жатып қазақтан қыз алып жатыр. Ертең бәрі келіп болғанда демографиялық дүмпу болып жүрмесін!» деп жазған еді.

Ал енді мына жаңалыққа тіпті қайран қалдық.

Талғарда бүгін өтуге тиісті қытайға тиген қазақ қызының тойы туралы тағы да Жолымбет Мәкіш жазған екен. Автордың жазбасын қаз-қалпында ұсынғанды жөн көрдік.

«Талғарда бүгін қытайға тиген қазақ қызының тойы болуы тиіс болатын. Бір топ жігіт ашуланып барған екен, полиция тойды да тоқтатып тастап, әлгі жігіттердің де тең жартысын ұстап алып кетіпті.

Бұл не, қазақ қыздарының қытайға тигенін үнсіз қолдағандары ма, әлде олардың заң бұзушылық болмасын деп істеп отырған бұйрықшылдығы ма өзінше?

Олай болса, ұсталғандарды босатып, мұндай жағдайды енді қайтып болдырмасын!

Қоғамда қақтығыс күшеймесін десе, осындай жағдайдың алдын алатын, қыздардың шетелдіктерге тиюіне тыйым салып, ондайларды азаматтығынан айыратын заң керек. Түк қиын емес қой, неге біздің билік жағдайды сонша асқындыруға құмар, түсінбеймін!», – дейді журналист.

Ал желіде жарияланған мына видеоға қарағанда той басталмай жатып, тарқаса керек.

Видео авторы Марат Халықовтың айтуына қарағанда той болмайтын болыпты, мейрамхана қожайыны той иелеріне алдын-ала берген ақшаларын қайтарып беріпті…

Дереккөз: kaz.365info.kz 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз