«Арың жамауға келмейді»: Танымал қолөнерші Қарақаттың былығын әшкереледі

0
281

Еліміздегі белгілі қолөнерші Ырза Тұрсынзада Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаны «Алтын Орда» халықаралық қолөнершілер академиясының ғимаратын тартып алды деп айыптаған болатын.

 

Қолөнерші бес баланың анасы атанған Қарақаттың теріс қылығын әшкереледі деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

«Қарақат, сенің жіберген аудиожазбаларыңды тыңдауға жүрегім айниды. Сенің бетің жылтыр. Ал сол беттің ар жағындағы арың жамауға келмейді екен», – деді Ырза Тұрсынзада.

 

Ал Қыдырәлі Болман БАҚ өкілдерін шақырып, жауап беретінін айтты.

 

«Қарақат ешқашан, ештеңені артық айналысқан емес. Оның бір мекемемен айналысуға уақыты жоқ. Оның бес баласы бар. Мені қосқанда алтау. Екіншіден ол заңгер емес. Ондай іске ешқашан араласпайды», – дейді Қыдырәлі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз