Қазақстандық киногерлер мен актерлер үшін бұл апта нағыз мерекеге толы. Себебі дәл қазір елордамыз Астанада “Еуразия” халықаралық кинофестивалі өтуде, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Отандық актер-актрисалар голливуд киножұлдыздары секілді қызыл кілемнің үстімен жүріп өтуде. Алайда қазақ актрисаларының киім киіс, жүріс-тұрысқа келгенде шетелдіктерден үлгі алуы көпшілікке ұнамай жатыр.
Мәселен, актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекованың “Еуразия” кинофестиваліне киген кеудесі ашық көйлегі көпшілікке жақпай қалды. Жұрт актрисаны сөгіп тастады.
“Мына қыз не киіп алған үстіне”, “Адамның ызасын келтірмей ана киіміңді шеше салшы”, “Қазақ қызына лайық па үстіндегі көйлегі?! Ел алдында жүрген әртіс қыз болғандықтан жөні дұрыс киім кисе қайтеді. Бұл көйлекті кигенше кимей-ақ шыға бермеді ма бәрібір солай болып тұр ғой”, – деп сынады желі қолданушылары.