Талдықорғанның 41 жастағы тұрғыны өзінің туған баласынкепілдікке алып, өртеп жібермек болған әке құрықталған болтын. Қазір ол психатриялық ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме берген NUR.KZ.

Фото: Amnesty International
Полияция қызметкерлерінің мәліметінше, ол ешқашан психиатриялық ауруханада тізімде тұрмаған.
Қазір аталмыш оқиғаға байланысты денсаулығына қасақана зиян келтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, есірігі ұстаған еркекті арнайы жасақ үйдің шатыры арқылы 4 қабаттағы балконнан кіріп, бір оқ атпастан ұстаған.Операция кезінде ешкім зардап шекпеген. Бастысы әкесінің тұтқыны болған бала дін аман.