Шымкентте күндізгі сағат 12 шамасында Илияева,37 көшесінің бойындағы он екі қабатты ғимараттың ең жоғары қабатынан әйел адам құлап кетті. Оқиға орнындағы куәгерлер сұмдық жағдай кезінде марқұмның жанында таныстары болғанын айтады. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сурет: NUR.KZ
Мерт болған келіншек алдымен көп қабатты үйге таныстарымен бірге кіріп кеткен. Марқұмның қолында бір канистр бензин болған көрінеді.
12-ші қабатқа әйел лифтпен емес, баспалдақпен көтерілген.
«Қолында пакеті және канистр бензин болған. Секіреді деп ойламадық.
Бір қарағанда аяғы салбырап, балконда отырған. Арада біраз уақыт өтпей «гүрс» деген қатты дауыс естідік.
Сыртқа шығып қарасақ, келіншек жерде жатыр екен. Ол бұл үйде тұрмаған», – дейді сұмдық жағдай болған көп қабатты үйде тұратын азаматша.

Сурет: NUR.KZ
Оқиға орнына барған құзырлы орган өкілдері істің ақ қарасын анықтау үшін сол маңдағы тұрғындардан түсініктеме алған.
Белгілісі, суицидке барған азаматшаның жасы елуден асқан. Отбасылы.
Қазір оқыс жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.