
Қызылордалық азамат өзінің құдағиын бес жылға соттатып жіберген
«Қызылордада екі жас ажырасып, құдалардың арасында араздық пайда болған. Құдалар бір-бірімен айтыса бастаған.
Бір жағының жағдайы жақсы болуы керек. Сол екіншісіне «мен сені құртамын» дейді. Сөйтіп таныстарын салып, органдарды тартып, бұрынғы құдағиын 5 жылға соттатады.
Қалалық сот та, облыстық сот та көз жұмып қараған. Осы істі жақында Жоғарғы сотта қарап, ол кісіні ақтадық», – деді Жақып Асанов.
Оның айтуынша, сол істі қараған тергеушінің өзі сотталып кетіпті. Өйткені ол жалған жауаптар жазған