Ақтөбелік әке туған баласына бір бүйрегін беріп, өлімнен арашалап қалды (фото)

0
105
Ақтөбелік әке туған баласына бір бүйрегін бөліп беріп, өлімнен арашалап қалды. Бүйрек дертімен қиналған 20 жастағы жігітке еліміздегі бұрын-соңды болмаған 3D әдісімен ота жасалған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Әке мен балаға 3D әдісімен алғаш рет лапароскопиялық ота жасалды.

«Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қалыпты. Әке мен бала палатаға шығарылды. Олар бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Ота Түркиядан келген мамандардың көмегімен жүргізілді. Қазақстанда алғаш рет донордың сол жақ бүйрегі 3D технологиясы бойынша трансплантацияланып отыр. Мұндай әдіс отадан кейін із қалмай тез жазылуға көмектеседі», – дейді Ақтөбе медицина орталығының хирург маманы Надияр Марат.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Түркия елінен келген дәрігерлер жаңа технологиямен 12 ота жасаған. Шетелдік дәрігерлердің көмегімен тағы бір онкологиялық дертке шалдыққан келіншектің омырауы кесіліп, бірден пластикалық ота жасалған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз