Танымал отандық әнші Мейрамбек Беспаев жақында ғана Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистрі атанып, қолына қызыл диплом алған еді. Әншіде білімін жалғастырып, докторантурада оқуын жалғастыру ойында бар екен деп хабарлайды NUR.KZ.
Мейрамбек 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында магистрлік диссертацияны қорғау қиынға соқпағанын айтты.
“Жоқ, қорғау қиын емес. Бұл өзімнің салам. Өзіме түсінікті сала, бала күнімнен жүрген сала. Оның үстіне, Алтынбек Қоразбаев туралы тақырып зерттелмеген екен. Бұл кісінің қазақ мәдениетіндегі орны, еңбегі, сол тұрғыда мен көптеген, жан-жақты зерттеулер жүргіздім. Ұстазымның менен артық қасында көп жүрген адам жоқ шығар», – деді Мейрамбек.
Журналист «Докторонтурада оқығыңыз келе ме?» деп сұрақ қойған болатын.
«Оқығым келеді. Енді бірақ ары қарай білмеймін, уақытқа байланысты. Бұл жолы да арасында гастрольдік сапарлар болды. Бірақ ізденісте жүрдім. Солай аяқталды», – деп тіл қатты әнші.
Мейрамбек Беспаевтың сөздерін 32-минуттан бастап көре аласыздар.