Қостанайда қала орталығын жалаңаш күйінде кезіп жүрген ер адам ұсталды. Егде жастағы кісі ешкімнен қымсынбастан емін-еркін қала көшелерін аралаған деп хабарлайды Alau.kzпорталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скрин видеодан алынды / Alau.kz
Ол тырдай жалаңаш күйінде Абай даңғылының бойымен жүріп өтіп, Толстой көшесіне қарай бұрылған.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі ер адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлады. Оның аты-жөні анықталған.
Оны тәртіп сақшылары бірден құрықтап, «Бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартыпты.