
Сурет: tumba.kz
Оқиға Ақтау-Жетібай автожолының 16-километрінде болған екен. «Газель» автокөлігінің жүргізушісін жол сақшысы тоқтатқан еді.
«Әкімшілік жазадан құтылып кету үшін жүргізуші жол сақшысымен келіспек болған. Ол оған 2000 теңге көлемінде пара ұсыныпты. Көмектеспеді. Материал арнайы құзырлы органға түбегейлі шешілу үшін берілді. Нәтижесінде хаттама толтырылып, сотқажөнелтілді», – деді құзырлы мекеме өкілдері.
Сот ер адамның жағдайларын, оның жұмыссыз екенін ескеріп, жеңіл жаза тағайындады. Ол енді 336 700 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
«Осындай жағдайдан кейін әркім өзіне тиісті сабақ алуы керек. Барлығы заң мен соттың алдында бірдей», – деді Этика кеңесінің төрағасы Нұргүл Жанназарова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!