Отандық әнші балақайды қағып кеткен жүргізушіні табуға көмекке шақырды

0
114

Rin’GO тобының мүшесі Данияр Өтеген Алматыда бес жасар балақай жапа шегіп қалған сұмдық төтенше жағдайға қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өз оқырмандарынан оқыс оқиғаға бей-жай қарамауларын және бес жасар балақайды қағып кеткен жүргізушіні тауып беруге атсалысуларын өтінді.

Белгілі болғандай, белгісіз ер адам баланы қағып кеткен соң оны көрпеге орап, талдың түбінде қалдырып кеткен.

«Қазір бәрінің көліктерінде видеотіркеулер бар, парақшамызда тарих түсіреміз, смартфондардан тікелей эфирге шығамыз. Бәрін тексеріңдер! Мүмкін біреудің видеосына ілігіп қалған болар. Мына жексұрынды табайықшы», – деді Данияр өз парақшасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кінәлі тұлғаның кім екені анықталып, қазір іздестіру шаралары жүріп жатқан көрінеді. Жапа шеккен балаға бірнеше ота жасалыпты. Қазір ол комада жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз