Министр Мұхамедиұлы магистратура бітірген Мейрамбек Беспаевты қолдап шықты

0
122
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал әншілердің магистратура мен докторантурада оқуы туралы сын-пікірлерге жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото-коллаж: NUR.KZ

Фото-коллаж: NUR.KZ

«Мен жақында Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев магистураны оқып бітіргені жайында мақала оқыдым. «Олар не үшін оқып жүр?» деген сыни пікірлерді көзім шалды. Негізі бұл – өте қуанышты жағдай. Шығармашылық адамдар үнемі білімге құштар болып келеді. Мысалы, Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының докторантурасында оқып жүр. Бұл оңай шаруа емес», – деді Мұхамедиұлы

Министрдің айтуынша, бұл жерде өнер адамдарының білім алуға деген құлшыныстары маңызды.

«Олар «Өмірім онсыз да жақсы ғой. Оқудың не қажеті бар» деп айта алар еді ғой. Осы орайда, интеллектуалды шығармашылық ортамыздың барын мақтан тұтуымыз керек», – деді министр.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мейрамбек Бесбаев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын бітірген болатын. Өнер адамдарының жоғары оқу орнын тәмамдағаны елге белгілі тұлғалар қарсы шыққан болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз