Әлішер Каримовке Кореяда 11 сағат бойы аса күрделі ота жасалды (фото)

0
481

Танымал әнші Әлішер Каримов омыртқасына жасалған күрделі отадан соң алғаш рет сұхбат берді. NUR.KZ порталының Oybay Life бағдарламасында ол өзінің қанша жыл бойы күрескен дерті, Кореяда жасалған күрделі ота, шоу бизнестегі өзімен амандаспайтын әріптестері туралы ашық айтты.

Корей елінде Әлішер Каримовқа 11 сағат бойы аса күрделі ота жасалды

Әлішер Каримовтың отаға дейінгі және отадан кейінгі рентген суреттері.

Oybay Life бағдарламасының жаңа шығарылымында Әлішер Каримов жасөспірім кезінен бастап күрделі дертке шалдыққанын айтады. Алайда ол елде дұрыс емделмей, ауруын асқындырып алған. Салдарынан мүлдем 50 градусқа бүгіліп қалып, концерттерден кейін қатты азапқа салынған екен.

Алишер Каримов бағдарлама жүргізушісі Мұхит Сапарбаевқа Корей елінде жасалған 11 сағаттық ота туралы баяндап берді.

Шығарылымның толық нұсқасын порталдың YouTube желісіндегі каналынан көре аласыздар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз