Ақмола облысына лагерьге келген 15 жастағы жеткіншек жұмбақ жағдайда қаза тапты

0
121

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған 15 жастағы жасөспірім жөнінде тың ақпараттар шықты. Андрей Семенцовпен бір сыныпта оқыған құрбысы досы жайлы айтып берді деп хабарлайды «Евразия» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Arnapress.kz

Фото: Arnapress.kz

Оқушы қыздың айтуынша, марқұм сабақ кезінде суцид жөнінде көп айтатын болған. Есімін атамауды өтінген марқұмның сыныптасы Андрейді өте жақсы танитынын мәлімдеді.

«Мен Андрей Семенцовтың сыныптасымын. Бірақ, мен мектепке жаңадан келгендіктен тек бір жыл бірге оқыдым. Бірден айтарым, ол өте жақсы бала болатын. Мектепте белсенді, үнемі көңілді жүретін. Осындай қайғылы оқиға орын алғанына әлі де сенбей отырмын.

Андрей Семенцов бұл жазғы демалыс лагеріне жолдаманы өз қаржысына алды. Сондай-ақ ол мектепте өте танымал болатын. Мен әлі сыныптасымнан, досымнан айырылып қалғанымыз өкінішті. Ата-анасына көңіл айтамын. Кінәлілер табылып, жазасын алсын«, – деді марқұмның сыныптасы.

Ал Ақмола облыстық ішкі істер департаменті бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Бұл іс бойынша қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Анықталғандай Семенцов «Арман» балалар сауықтыру лагерінде болған. Үстіміздегі жылдың 9 шілдесі күні көлдің шомылуға тыйым салынған жерінде суға батып кеткен», – деді Ақмола облыстық ішкі істер департаменті өкілдері.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз